Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты Жаңалықтар Мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің IX қысқы Спартакиадасы
Мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің IX қысқы Спартакиадасы

28 ақпан мен 7 наурыз аралығында IX қысқы спартакиаданың финалдық жарыстары өтеді. 4 наурызда сағат 18:00-де Щучинск қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығында» мектеп және колледж оқушыларының IX қысқы Спартакиадасының ашылу салтанаты өтеді. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, атақты спортшылар мен спорт ардагерлерінің қатысады.

Спартакиаданың мақсаты - дене шынықтыру мен спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайту, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, салауатты өмір салтына ынталандыру. Спартакиадаға республиканың барлық өңірлерінен 1 мыңнан астам жас спортшы қатысады. Спартакиаданың ақтық жарысының бағдарламасына спорттың 9 түрі кіреді және келесі қалаларда өтеді:

- Щучинск қ. (шаңғы жарысы, Қысқы Президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау, футзал (ұлдар мен қыздар));

- Көкшетау қ. (шайбалы хоккей (жасөспірімдер));

- Алматы қ. (мәнерлеп сырғанау (ұлдар мен қыздар));

- Орал қ. (бенди (ұлдар);

- Астана қ. (шорт-трек, коньки тебу спорты (ұлдар мен қыздар));

Спартакиаданың салтанатты ашылуына аккредиттеу және іс-шараның ұйымдастырушылары және қатысушыларынан сұхбат алу үшін Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс телефоны8 7172 516976, 870514900062, 87076081363, e-mail: mbalgabaeva@mail.ru (Мұхамедиева Мира Бекказыевна, Бекмаганбетова Наргиз).

Ақпарат көздері: www.edu.gov.kz