Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты Жаңалықтар К. Шәмшидинова: бүгінгінің негізгі міндеті — педагогика мамандарының кәсіби біліктіліктерін арттыру
К. Шәмшидинова: бүгінгінің негізгі міндеті — педагогика мамандарының кәсіби біліктіліктерін арттыру

ҚР Үкіметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларын орындау туралы айтып берді.

Білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова педагогика саласының қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту жүйелі түрде және біртіндеп шешілетінін айтты. Білім беру саласының төмен жалақы алатын қызметкерлерінің жалақылары сараланған түрде 30%-ға дейін ұлғайтылады.

«Төменгі жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақылары 30%-ға дейін ұлғайтылады. Бұл негізінен – оқу орындарының техникалық жұмысшылары және педагогика мамандарының кейбір санаттары: балабақша тәрбиешілері, тәрбиешілердің көмекшілері, психологтар», — деді білім және ғылым министрі.

К. Шәмшидинова педагогика саласының қызметкерлеріне еңбекақыны ұлғайту бірнеше жыл қатарынан жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, министр биыл БҒМ мектеп психологтарын оқытуды көздеп отырғанын, қазіргі таңда республика бойынша олардың саны 7 мыңға жуық екенін айтты.

Бұдан өзге, оқу бағдарламаларын заманауи талаптарға сәйкес жандандыру қажет.

«Бүгінде балаларға дайын өңделген ақпарат беріп жатқанда, балаларға ақпараттық білім қажет емес екенін айтамыз. Бүгінде біз оқушының өзінің оқу үдерісіне қосылғанын қалаймыз. Мұғалім әртүрлі тапсырмаларды, сұрақтарды дайындауы тиіс, ал бала оларға жауап беріп, тапсырмаларды орындай отырып, қандай да бір материалды түсінуі керек. Әрине, бәрін бірден жасау оңай емес, алдымен мұғалімдерді осыған дайындауымыз қажет, дегенмен біз бірте-бірте осы бағытта әрекет етіп жатырмыз», — деді К. Шәмшидинова.

https://primeminister.kz/kz/news/all/17908

Ақпарат көздері: www.edu.gov.kz