Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты Жаңалықтар Кең ауқымды ақпараттық науқан «Қауіпсіз интернет» туралы бапасөз хабарламасы
Кең ауқымды ақпараттық науқан «Қауіпсіз интернет» туралы бапасөз хабарламасы

2019 жылғы 4-17 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен барлық білім беру ұйымдарында «Қауіпсіз интернет» атты кең ауқымды ақпараттық кампаниясын өткізу жоспарлануда.

Ақпараттық кампанияның мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.

2019 жылғы 4 сәуірде білім беру ұйымдарында Ақпараттық кампанияны «Интернет дегеніміз не?», «Қауіпсіз интернет» еліне саяхат», «Пайдалы және қауіпсіз интернет», «Балаларға бала жасынан бастап қауіпсіз интернет қажет», «Интернет және біз», «Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары», «Интернетті қауіпсіздендіру бағытындағы шаралар» және басқа да тақырыптарда жалпы мектептік саптүзеулер, сынып сағаттары, ашық сабақтар, «дөңгелек үстелдер», т.б. іс-шаралармен ашу жоспарлануда.

Фото: www.bala.edu.gov.kz

Ақпарат көздері:  www.bala.edu.gov.kz