Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты Жаңалықтар 2019 жылы жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселесі бойынша БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2019 жылы жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселесі бойынша БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2019 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында 2019 жылы жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері қаралады. Ағымдағы жылы 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 2 млн. 842 мың баланы (96,1%) жазғы сауықтыру демалысымен қамту жоспарлануда (2 млн.956 мың). Республиканың мектеп жанындағы, шатырлы, қала сыртындағы лагерьлерде - 2,1 млн. (71,2%) бала. 730 мыңнан астам (25,9%) бала ата-аналарымен демалады. Жазда балалар үшін 12 960 сауықтыру лагері мен алаңы, оның ішінде 10 967 мектеп жанындағы, 236 – стационарлық қала сыртындағы лагерь (143 мемлекеттік, 93 жеке меншік), 1 757 шатырлы, спорттық, киіз үй жұмыс істейді. Лагерьлерде демалумен 290 363 (78,9%) әлеуметтік осал санаттағы балалар, 53 596 (82%) ерекше білім беру қажеттіліктері бар, 624 356 (91,4%) жетістіктері бар, 23 052 (92,1%) девиантты мінез-құлықтары бар балаларды қамту жоспарлануда. Әлеуметтік осал санаттағы, дарынды 900 мыңнан (48%) астам бала бюджет қаражаты есебінен демалады. Жазғы кезеңде секциялармен, үйірмелермен, клубтармен, экскурсиялармен және жұмыспен қамтудың басқа да түрлерімен 2 млн.762 мың (94%) оқушыны қамту жоспарлануда. Республикада 160 963 баланы қамтитын 1 424 аула клубы жұмыс істеп, 11 мың жазғы олимпиадалық резерв мектебінің, белсенділер мен көшбасшылардың, тіл мектептерінің, дебаттық клубының, 19 мыңнан астам қызығушылықтар бойынша үйірме мен клубтың жұмысы ұйымдастырылады. 22 мыңнан астам спорттық, туристік, экскурсиялық-танымдық және шығармашылық бағыттағы іс-шара өткізу жоспарлануда. Отырыс қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдарға: Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған толық шаралар қабылдау Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқушыларға арналған жазғы мектептер мен онлайн курстар ашу; Республика аймақтары бойынша тақырыптық экскурсиялық шығулар мен жорықтардың санын ұлғайту, Қазақстан Республикасының ұлттық парктері базасында мектеп орманшылықтары мен экологиялық отрядтарды ашу.

Ақпарат көздері:  www.bala.edu.gov.kz