Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты Жаңалықтар Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы туралы баспасөз хабарламасы
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы туралы баспасөз хабарламасы

Қазақстанда Республикалық жасөспірімдер олимпиадасы екінші рет өткізіліп отыр. Биылғы жылы да ол астанада өтті. Өткізу мерзімі - 27-29 мамыр. Өткізу орны - «NURORDA» мектеп-лицейі.

Басты идея – оқушыларды олимпиадалық қозғалысқа ерте тарту, оқылатын пәнге қызығушылығын ынталандыру.

Олимпиаданың аудандық және облыстық кезеңдеріне еліміздің барлық білім беру ұйымдарынан 25 808 оқушы қатысты. Облыстық кезеңде ең көп оқушылар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (1056), Алматы қ. (256) және Нұр-Сұлтан қ. (224). қатысты.

Республикалық кезеңге Қазақстанның барлық аймақтарынан 223 оқушы іріктеліп, 219 оқушы қатысты.

Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қатысушыларына өте қарқынды және қызықты бағдарлама әзірленді. Интеллектуалды сайыстан басқа, өте қызықты экскурсиялар, психологиялық тренингтер, интеллектуалды және қозғалмалы ойындар өткізілді. Біз бұл олимпиадада оқушыларды облысқа бөлуден бас тарттық және керісінше, оларды пәндер бойынша командаға біріктіруді шештік. Осы сәттен бастап жас олимпиадашылар басқа өңірлерден келген өз құрдастарымен танысып, болашақ олимпиадаға дайындықтарын өз тұрғылықты жеріне қарамастан жүзеге асырады.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы алдын-ала команда жетекшілері ретінде олимпиадаларға қызығушылық танытатын, математика пәні мұғалімдерін арнайы шақырды. Олимпиада аясында өткен семинарда республикамыздың үздік олимпиадалық жаттықтырушылары атақты мұғалім Муаммер Гюль және жас, ең нәтижелі тренер Хаджимуратов Нурсултан шебер-сыныптар өткізді.

Қазылар алқасының шешімімен І дәрежелі дипломдармен - 20 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен - 28 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен - 47 оқушы және Олимпиада демеушісі «ExxonMobil Kazakhstan Inc.» компаниясының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Бас жүлде «Жасөспірімдер арасындағы республиканың ең үздік олимпиадалық мектеп» бұрыннан бергі олимпиадалық тарихы бар – атақты Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі, 5 оқушы 5 алтын, 1 күміс, 2 қола медальға ие болды.

Бірінші орын ең танымал олимпиада мектептерінің бірі Алматы қ. №165 мамандандырылған лицейінің командасына берілді. ІІ орын - Алматы қ. «Білім-инновация» лицей-интернатына және «NURORDA» мектеп-лицейіне; ІІІ орын - Қарағанды қ. №1 «Білім-инновация» лицей-интернатына және Нұр-Сұлтан қ. Республикалық физика-математика мектебінің филиалына берілді. Мектептер рейтингін есептеу халықаралық спорттық және зияткерлік олимпиадаларда қабылданған әдістеме бойынша жүргізілді: алдымен алтын, одан кейін күміс, кейін қола медаль саны есептеледі.

Барлық қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, мұғалімдер мен ата-аналарды Олимпиаданың аяқталуымен құттықтаймыз!

Біздің жас достарға – олимпиадашыларға тамаша жазғы демалыс тілейміз және Біз Сіздерді тағы да өз олимпиадаларысызда күтеміз!

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

Ақпарат көздері:  www.edu.gov.kz