Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
ҰБТ – 2019

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 20 маусымда басталып, 169 ҰБТ өткізу пунктерінде өткізіледі. ҰБТ-ға өтініш қабылдау 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. Тестілеуге қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380-ді құрайды (қалған 20 862 талапкер - былтырғы мектеп бітірушілері).

ҰБТ-2019 нәтижелерін:

-        @edu.gov.kz bot Telegram-боты көмегімен;

-        edu.mail.kz сайтынан;

-        Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан – www.testcenter.kz білуге болады. Ол үшін әрбір талапкерге берілетін ТЖК (тестіленушінің жеке кодын) енгізу қажет.

Биыл Министрлік ҰБТ тапсыру кезіндегі кез-келген заң бұзушылықтарды, оның ішінде жақсы нәтижелер алу үшін үшінші тұлғалардың қызмет көрсетуін болдырмау мақсатында нақты қадамдар қабылдап отыр.

Біз барлық түлектер мен ата-аналардан мұндай жағдайларда бей-жай қарап қалмауды сұраймыз. Егерде Сіздерге «дұрыс жауаптар кодын» сатып алуды ұсынса, тестілеу кезінде көшіріп алудың куәгері болсаңыз немесе тестілеу кезінде бөтен адамдардың жүргенін байқасаңыз,

- +7 (7172) 69-50-87 телефонына дереу хабарласуды немесе

- @edu.gov.kz bot Telegram-ботына хат жазуды сұраймыз.

Өз тарапымыздан біз ақпараттың конфиденциалды болуына кепілдік береміз.

Туындаған сұрақтарды жедел қарастыру үшін, сонымен қатар тестілеудің обьективтілігі мен шынайылығын күшейту мақсатында 8-800-080-7177 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

Фото: ашық көздерден

Ақпарат көздері:  www.edu.gov.kz