Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты Жаңалықтар Қазақстан құрама командасы Балқан жасөспірімдер олимпиадасының тарихында алғаш рет екінші орынға ие болды
Қазақстан құрама командасы Балқан жасөспірімдер олимпиадасының тарихында алғаш рет екінші орынға ие болды

Ларнака қаласында (Кипр) жасөспірімдер арасында 23-ші Балкан математикалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 17 ресми команда (Балкан аймағының 10 мемлекеті) және 7 қона команда (Әзірбайжан, Хорватия, Эквадор, Франция, Сауд Арабиясы, Нигерия және Қазақстан), жалпы саны 112 оқушы қатысты. Олимпиаданы Кипр Республикасының математиктер одағы ұйымдастырды.

Қазақстан құрама командасы бірнеше жыл бойы осы олимпиадаға қонақ-команда ретінде қатысып келеді. Қазақстан құрама командасы Балқан жасөспірімдер олимпиадасының тарихында алғаш рет екінші орынды иеленді. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Команда құрама командасына кірген қазақстандық оқушылар жақсы нәтижелерге қол жеткізді: Мырзатаев Айбек - алтын медаль (облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы, Атырау қаласы); Тен Юрий - алтын медаль («Haileybury» халықаралық мектебінің 9 сынып оқушысы, Алматы қаласы); Раушанов Марлен - күміс медаль (дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы, Нұр-Сұлтан қаласы); Сакенов Батырхан - күміс медаль («Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның 9 сынып оқушысы, Алматы қаласы); Қалдыбек Ерасыл - күміс медаль («Білім-инновация» мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы, Тараз қаласы); Абдикаримов Бексултан қола медаль (дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы, Нұр-Сұлтан қаласы).

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы геометриядан есептерді шешудегі үздіктердің қатарынан табылғанын атап өткен жөн.

Ақпарат көздері:  www.edu.gov.kz