Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты Жаңалықтар Қазақстан құрама командасы 2019 жылы 7-15 шілде аралығында Тель-Авив қаласында (Израиль) физика бойынша өтіп жатқан халықаралық олимпиадаға қатысуда
Қазақстан құрама командасы 2019 жылы 7-15 шілде аралығында Тель-Авив қаласында (Израиль) физика бойынша өтіп жатқан халықаралық олимпиадаға қатысуда

Қазақстан Республикасы олимпиада командасының құрамына жас физик-ғалымдар кірді: Нұр-Сұлтан қ. "РФМШ" филиалының түлегі -Байрин Әмірхан, Павлодар қ. №8 мектеп-лицейінің түлегі - Басов Ярослав, Алматы қ. "РФМШ" түлегі - Ли Давил, Нұр-Сұлтан қ. "Назарбаев зияткерлік мектебі" ДББҰ 11 сынып оқушысы - Исмагулов Темирлан, Семей қ. "Білім - Инновация" мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы - Магауин Расул.

Құрама команданың жаттықтырушылары - Мақсутов Самат PhD, СДУ физика оқытушысы (Алматы қ.); Сидоренко Андрей, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты (Алматы қ.).

Айта кеткен жөн, биыл олимпиада 50-інші рет өткізілуде. Ал, Қазақстан құрама командасы бұл олимпиадаға 1997 жылдан бастап қатысып келеді. Қатысушылар өз білімдері мен дағдыларын екі турда көрсетеді: біріншісі - орта мектепте оқылатын физиканың кемінде төрт бөлімін қамтитын теориялық міндеттерді шешуге арналған болса, екіншісі – тәжірибелік бөлім, онда оқушылар зертханалық жұмыстарды орындайды. Қорытынды жеке есепте шығарылатын болады.

Олимпиадаға қатысушылар алтын, күміс және қола медальдармен, сондай-ақ құрмет грамоталарымен марапатталады.

Фото: ашық көздерден

Ақпарат көздері:  www.edu.gov.kz