Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты Жаңалықтар KAZGUU Unıversıteti-нде мектеп оқушылары үшін экскурсия өтті
KAZGUU Unıversıteti-нде мектеп оқушылары үшін экскурсия өтті

22 тамыз күні M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нде "Ұлы дала ұрпағы" жазғы мектебі аясында Қазақстанға келген орта мектеп оқушылары үшін экскурсия мен зияткерлік викторина өткізiлдi. Ресейде, Иранда, Моңғолияда, Түрікменстанда, Тәжікстанда, Өзбекстанда және Қырғызстанда тұратын отандастарымыздың балалары Университет мұражайымен және ғылыми-техникалық жабдықталуымен, оның ішінде білім алушылардың практикалық дағдыларды меңгеруіне барлық жағдай жасайтын криминалистика зертханасымен, сот отырыстары залымен, сот сараптамасы зертханасымен, Bloomberg зертханасымен танысты. Бұл іс-шараның мақсаты - сапалы отандық жоғары білім алу мүмкіндігін көрсету, және оның ішінде «Narikbaev Scolarship» гранттары туралы презентация өткізілді. Аталған мүмкіндіктерді пайдаланып, болашақ шетелдік студенттер халықаралық құқық, бизнестегі ақпараттық технологиялар және менеджмент саласындағы қос дипломның иегерлері атануы мүмкіндер туралы айтылды. Мамандану тізімінде - болашақта жұмысқа орналасу үшін зор әлеуеті бар он жетіден астам бағыт туралы ақпарат берілді.

Университет басшылығы мектеп оқушыларының тарихи Отанына келуі оларға туған жерінде болашақ мамандықты дұрыс таңдауға септігін тигізетіндігіне және халықаралық ынтымақтастықтың дамуынына сенімін білдіреді.

Ақпарат көздері:  www.edu.gov.kz