Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты Жаңалықтар Оқу-сауықтыру орталығындағы кездесу
Оқу-сауықтыру орталығындағы кездесу

Бурабай ауданындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 11-25 шілде күндері көңілді тапқырлар клубы командаларының (әрі қарай - КТК) және театрлар ұжымдарының кездесуі өтті. Кездесуге КТК командаларының облыстық, аудандық және қалалық сайыстарының жеңімпаздары, Балалар театрының өкілдері, кино, теле жобалардың жас актерлері, жас режиссерлер мен сценарий жазушылар жиналды.

«Сөз тапқырлық – жақсы адамгершілік қасиет және мұның өзі әзілді орнымен пайдаланғанда болатын нәрсе» демекші, әзілді өз орнымен айта білудің өзі - өнер. Осыған байланысты, қазақ халқының рухани байлығын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениетін қадірлеу, өнер шығармаларына баулу, табиғат байлықтарын қастерлеу, оларды сүйіспеншілікпен қорғауға балаларды ынталандыру мақсатында ауысым барысында «Балдәурен» сауықтыру орталығында көңілді тапқырлар клубының сайысы болып өтті.

Аталған сайысқа Ақтөбе облысынан «Тобықорда», Маңғыстау облысынан «Шахта», «Балдәурен» сауықтыру орталығынан «Болашақ» жайдарман тобы, «Театральный клуб» және «9-ауысым құрамасы» атты құрама командалар, Қостанай облысынан «Сборная Молодежная», Қызылорда облысынан «Прогресс» жайдарман топтары қатысып, өз бақтарын сынады. Әділ қазылар әр топты тапқырлықтары мен әзілдеріне, тақырыптың ашылуына, көркемдік деңгейі мен орындаушылық шеберлігіне, сахна мәдениетіне, әдептілік және адамгершілік қасиеттердің, сондай-ақ уақыт регламентінің сақталуына байланысты бағалады. Ойын қорытындысы бойынша Қостанай облысының «Сборная Молодежная» командасы жүлделі І орынды жеңіп алды. Ал, Ақтөбе облысынан келген «Тобықорда» командасы ІІ орынды, «Балдәурен» сауықтыру орталығының «Театральный клуб» құрама командасы ІІІ орынды иеленді.

Ақпарат көздері:  www.edu.gov.kz