Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты Жаңалықтар Жолдауды іске асыру аясында негізгі міндеттер талқыланды
Жолдауды іске асыру аясында негізгі міндеттер талқыланды

2019 жылғы 5 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысы болып өтті. Алқа отырысы барысында Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында білім және ғылымның негізгі міндеттері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Президент өз Жолдауында Республиканың сот және құқық қорғау жүйесін жақсарту, бизнесті дамыту, халықты әлеуметтік қолдау, өңірлердегі теңсіздікті жою сияқты мәселелерге ерекше назар аударды.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында республиканың ауылдық мектептерінде білім беру жүйесін жетілдіру, еліміздің жоғары оқу орындарында білім беру сапасы мен ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Ел Президенті әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңдері елдегі білім беру сапасын жетілдірумен тығыз байланысты. Сондықтан жоғары білікті кадрларды даярлау отандық және шетелдік еңбек нарықтарының талаптарына сәйкес болуы тиіс екендігін атты. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жоғары оқу орындарының алдына жұмысқа орналасуға жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау бойынша нақты міндеттер қойды, яғни түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесіне бақылау жүргізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру және оларды коммерцияландыру. Елдің экономикалық дамуының жалпы өзекті мәселелерін айта отырып, Президент осы мәселелерді шешудің тиімді жолдарын ұсынды.

Ақпарат көздері:  www.edu.gov.kz