Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты Жаңалықтар «ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді
«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді

10 қаңтар күні Білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиева, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары И.В.Смирнова және Н.О.Дулатбековтың, сондай-ақ Астана қаласындағы педагогтар қауымдастығының қатысуымен «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленген болатын. «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасында педагогтің қызметімен байланысты педагогтардың құқықтық жағдайын сапалы жақсартуға ықпал етіп, оларды әлеуметтік қорғауға кепілдік беретін құқықтық, әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасты реттеу көзделген. Білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиеваның айтуынша, аталмыш Заң жобасын әзірлеу барысында Қытай, Финляндия, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да шекаралас мемлекеттердің ұқсас Заңдары қарастырылған.

 

Заң жобасы 6 тарау және 21 баптан тұрады. «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасында педагог мәртебесі және оның педагогикалық қызметі, педагог әдебі, педагогтің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, педагогке кәсіптік қызметке рұқсат беру, педагогтің кәсіптік қызметтегі академиялық бостандықтары мен құқықтары, материалдық қамтамасыз ету құқығы және әлеуметтік кепілдіктер мәселелері қарастырылған.  

 

Атап өткен жөн, аталмыш Заң жобасы 2018 жылғы желтоқсан айында Алматы қаласының педагогтар қауымдастығымен талқыланған болатын. Ал, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Әділет министрлігінде Заң қызметі мәселелері бойынша өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдардың тұжырымдамалары барлық комиссия мүшелерімен бірауыздан қолданды.

 

Естеріңізге сала кетейік, барлық мұғалімдерге Заң жобасының мазмұнымен танысу және өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік беру мақсатында жоба WhatsApp чаттары арқылы таратылған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және педагогикалық ұжымдарда Заң жобасы белсенді талқыланып, Заң жобасы бойынша 8 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен.  


ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Ақпарат көздері: www.edu.gov.kz